Accessibility links

Германия - футболдан әлем біріншілігінің қола жүлдегері


Футболдан ОАР-да өтіп жатқан әлем біріншілігінде сенбі күні Германия және Уругвай ұлттық құрамалары қола жүлдені сарапқа салды. Порт-Элизабет қаласы стадионындағы кездесуде Германия 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Испания және Голландия құрамалары арасындағы финалдық матч жексенбі күні ойналады.
XS
SM
MD
LG