Accessibility links

«Тур де Франс»: Винокуров бесінші орынға көтерілді


Қазақстандық велоспортшы Александр Винокуров «Тур де Франс» көпкүндігінің жетінші турынан кейін жалпы есепте бесінші орынға шықты.

Алғашқы таулы жолды Винокуров 24-ші болып аяқтады. Жетінші кезеңде жеңіске жеткен француз Сильван Шаванель көпкүндіктің жалпы есебінде бірінші орынға көтерілді. Қазақстандық велоспортшы "сары жейде" иегерінен 2 минут 17 секунд қалып келеді.

21 кезеңнен тұратын халықаралық "Тур де Франс" турнирі шілденің 25-і күні аяқталады.
XS
SM
MD
LG