Accessibility links

Сребреницадағы митингке он мыңдаған адам жиналды


Боснияда он мыңдаған адам жексенбі күні Сребреница маңындағы Поточары зиратына жиналды. Босниялықтар осыдан 15 жыл бұрынғы қанды қырғын құрбандарын еске алып жатыр.

1995 жылы босниялық сербтердің әскері Сребреница қаласындағы 8 мыңға жуық мұсылманды қырып тастады. Қанды оқиғада қаза тапқан 775 кісінің мүрдесі, жақында өткізілген аты-жөнін анықтау зерттеуінен кейін, жексенбі күні Сребреница маңындағы зиратқа қойылады.

Қаралы шараға Сербия және Хорватия президенттері Борис Тадич пен Иво Йосипович, Түркия премьер-министрі Реджеп Эрдоган, Франция сыртқы істер министрі Бернар Кушнер қатысты.

Халық алдында сөз сөйлеген Сербия президенті Тадич өзінің Сребреницаға келуін бұрынғы Югославия халықтарының бірлігі мен татуласуының белгісі ретінде сипаттады.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG