Accessibility links

Угандадағы жарылыстан 60 адам қаза болды


Уганда астанасы Кампалда болған жарылыстан қаза болғандардың саны 60-қа жетті.

Полицияның мәліметінше, екі жарылыс та мейрамханада болған. Қаза болғандардың арасында шетелдіктер, оның ішінде бір АҚШ азаматы бар.

Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ. Хабарларға қарағанда сомалилік "Аль-Шабааб" исламистік тобы бұдан бұрын Кампалда террористік актілерді жүзеге асыратындығын айтып ескерткен, себебі Сомалиде Уганданың бітімгершілік күштері орналасқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG