Accessibility links

Ливияның гуманитарлық кемесі Газаға жібермейді


Израиль сыртқы істер министрі Авигдор Либерман, өздерінің гуманитарлық жүк тиеген ливиялық кемені Газа секторына жібермейтіндігін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Израиль өз егемендігіне қауіп төндіруге жол бермейтіндігін айтты.

Ливия гуманитарлық ұйымының хабарлауынша, кеме Молдова туымен Газаға бет алған. Егер Израиль оны жібермеген жағдайда Мысырдың Ель-Ариш портына тоқтауы мүмкін.

Кемені басқарушы әрі гуманитарлық топтың атқарушы директоры Юссеф Савани, өздерінің Израильге қатысты арандатушылық әрекетке бармайтындығын, тек екі мың тоннаға жуық азық-түлік пен медициналық жабдықты Газа секторына жеткізуге тырысатындығын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG