Accessibility links

Карзай 50 тәлібті «қара тізімнен» алып тастауды сұрайды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай БҰҰ-дан «Талибан» қозғалысының 50-ге жуық бұрынғы мүшесін ұйымның «қара тізімінен» алып тастауын сұрауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы «Вашингтон пост» газеті аты-жөні құпия сақталуын қалаған Ауғанстан жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, мұндай қадам бүлікшілермен татуласу келіссөздерін дамыту үшін жасалғалы отыр.

Тізімдегі ең кемінде бес кісі қазіргі таңда Ауғанстан парламентінде істейді және Ауғанстан үкіметі мен НАТО әскері және оның ауғандық одақтастарына қарсы бүлікшілер арасында бітімгершілік қызметін атқарып келеді деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG