Accessibility links

Үкімет KazakhGold акцияларын ресейлік компанияға сату шешімін жойды


Қазақстан үкіметі KazakhGold акцияларын ресейлік «Полюс золото» компаниясына сату туралы шешімнің күші жойылды деп хабарлады.

Министрліктің дүйсенбі күні таратқан ақпаратында мұндай шешім акция пакеттерін сату барысында Қазақстан «заңдарының бұзылуына байланысты» қабылданды делінген.

KazakhGold акцияларының 50,1 пайызына ие «Полюс Золото» компаниясы бұған дейін қазақстандық кәсіпкерлер - Айдар және Қанат Асаубаевты акция пакетін саудаға салғанда жалған ақпар берген, компания қаржысын ұрлаған деп айыптап, Лондондағы Жоғарғы сотқа шағым түсірді. Ресейлік компания жауапкерден 450 миллион доллар талап етті. Асаубаевтар отбасы тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

KazakhGold Қазақстандағы Ақсу, Бестөбе және Жолымбет алтын кеніштеріне иелік етеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG