Accessibility links

Уругвайлық Форлан - әлемнің ең үздік футболшысы


Уругвай құрамасының ойыншысы Диего Форлан Оңтүстік Африка Республикасындағы Әлем біріншілігінің үздік футболшысы ретінде танылып, оған халықаралық футбол федерациясы – ФИФА-ның «алтын добы» берілді. Баспасөз құралдары арасында өткізілген сауалнамада Форлан 23,4 % дауыс жинады.

Біріншілікте ең көп доп соққан Германия құрамасының футболшысы Томас Мюллерге «алтын бутса» сыйлығымен қоса турнирдің ең үздік жас ойыншысы сыйлығы тапсырылды. Ол қақпаға 5 доп салып, тағы 3 доп соғуға себепкер болды.

«Алтын қолғап» сыйлығы - Әлем біріншілігінің ең үздік қақпашысы испаниялық Икер Касильястың үлесіне тиді.

Тұңғыш рет Әлем чемпионы атағын жеңіп алған Испания құрамасына адал ойыны үшін ФИФА-ның Fair Play сыйлығы берілді.

Испания ақтық бәсекеде Голландия құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.
XS
SM
MD
LG