Accessibility links

Ливан-Израиль соғысының басталғанына - 4 жыл


Ливанның Израилмен арадағы жанжалы әлі де аяқталған жоқ. Дүйсенбі күні Ливан баспасөзінде осындай мәлімдемелер жарық көрді. Бір маңыздысы: Израил мен Ливанда орныққан «Хезболла» қозғалысының арасындағы соңғы соғыстың басталғанына дүйсенбі күні тура 4 жыл толды.

2006 жылдың 12 шілдесінде «Хезболла» сарбаздары Ливан шекарасы бойында тінту жүргізген Израиль армиясының 2 жауынгерін тұтқындап алып кетіп, соғыстың басталуына түрткі болған еді.

Соғысты тоқтатуға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің араласуы себеп болды.

Израилдің Сирияны «Хезболлаға» «Скад» зымырандарын сатты деп айыптауына байланысты соңғы кезде екі елдің арасы тағы да ушығып тұр. Израиль әскерилері «Хезболланың» 400 мыңдай соғыс зымыраны бар деп мәлімдеді. Оған қоса «Хезболлаға» тиесілі болуы мүмкін деген қару-жарақ қоймаларының әуеден түсірілген карталарын жариялады.

«Хезболламен» тығыз байланысы бар және күнделікті «Ас-Сафар» басылымының иесі Талал Салманның айтуынша, Израилдің Ливанмен арадағы ашық соғысының бесінші жылына қарай барлық араб елдері мен Түркия мұсылмандарының намысы қоза түсті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG