Accessibility links

Солтүстік Корея мен БҰҰ-ның өкілдері кездеседі


Сейсенбі күні Солтүстік Корея мен БҰҰ-ның әскери миссиясының өкілдері Оңтүстік Кореяның соғыс кемесін суға батыру оқиғасына байланысты ахуалды талқылайды.

Кездесу екі Кореяның ортасындағы әскери күштер жоқ аумақта орналасқан Пханмунчжом деген жерде өтуге тиіс.

Өткен жұмада БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяның оңтүстіккореялық «Чхонан» соғыс кемесін торпедо зымыранымен атып суға батыруына наразылық білдірді.

«Чхонан» кемесімен бірге 46 әскери теңізші қаза тапты.
XS
SM
MD
LG