Accessibility links

Ресей: балалар лагерлерінде жаппай тексеру жүріп жатыр


Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Ейскі қаласының ауруханасынан Азов теңізінде суға кете жаздаған соңғы бала емделіп шықты.

Өткен сәрсенбі күні Мәскеуден келген 6 мектеп оқушысы мен «Азов» балалар лагерінің тәрбиешесі суға кетіп өлді, тағы 3 бала ауруханаға түсті.

Ресейдің балалар лагерлерінде жаппай тексеру жүріп жатыр. Ол туралы дүйсенбіде Ресейдің балалардың құқы бойынша өкілетті өкілі Павел Астахов хабарлады.

Оның мәліметі бойынша, жазғы демалыс басталғаннан бері лагерлерден жүздеген бала қашып кетсе, тағы соншама бала астан ұшынған.

Қазір «РосПотребНадзор» мекемесі мен Бас прокуратура және жергілікті билік мекемелері жаппай тексеру жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG