Accessibility links

Пхеньян мен БҰҰ келіссөздері кейінге қалтырылды


Солтүстік Корея өкілдері мен БҰҰ-ның әскери миссиясының келіссөздері Пхеньянның өтініші бойынша "әкімшілік себептермен" белгісіз уақытқа кейінге шегерілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Оңтүстік Корея әскери кемесінің суға батуына байланысты мәселе бүгін Пханмунчжо деген жерде талқылануы тиіс еді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өткен аптада, 46 теңізшінің өліміне алып келген оңтүстіккореялық "Чхонан" корветіне қарсы жасалған шабуылды сынаған резолюцияны қабылдады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG