Accessibility links

Пан Ги Мун Сребреница құрбандарын еске алды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, 15 жыл бұрын Сребреницада босниялық сербтер әскері қолынан қаза тапқан мыңдаған мұсылманды еске алды.

Дүйсенбі күні Нью-Йоркте сөз сөйлеген Пан Ги Мун, оған Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қанды оқиға ретінде баға беріп, БҰҰ мүшелерінің есінде мәңгі қалатын жайт екендігін айтты.

1995 жылы шілде айында БҰҰ протекторатындағы Сребреницада, сертбер сегіз мыңға жуық мұсылманды атып тастаған еді.

Жаппай қырғынды ұйымдастырған деген күдікпен ұсталған бұрынғы босниялық сербтердің басшысы Радован Караджичтің ісін Гаагадағы Халықаралық сот қарап жатыр. Босниялық серб әскерінің бұрынғы қолбасшысы Ратко Младич әлі ұсталған жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG