Accessibility links

Көршіміз Қытай туралы сөз болғанда алдымен олардың еліміздегі мұнай саласы мен базарларымызды басып алғанын, қаупі зор екенін көп айтамыз. Айтар ойымыз да – өте үстірт, бәйтеректің басында отырып ой қорытамыз. Қытайдан төніп тұрған демографиялық қауіп себебіне де жіңішкелікпен талдау жасап, оған тосқауыл қою керек.

Қытай үкіметі 1979 жылдан бері жоспарлы туу саясатын жолға қойды. Бұл заң «аз балалы болу, сапалы балалы болу, кешігіп балалы болу» бағытында жүрді. Қытайдағы ханзу отбасына тек қана бір балалы болу, ал аз ұлттарға екі балалы болу керек. Балаң одан артық болса, онда жұмысыңнан, үйіңнен айрылуың мүмкін болды. Бұл заң мемлекеттің негізгі саясатына айналды.

Ол кезде қытайдың 82 пайызы ауыл-қыстақта тұратын. Көбі көне дәстүр бойынша ұлды ғана ұрпаққа санап, қызды жат жұрттық ретінде қарайды да, бала көтерген әйел алдымен УЗИ аппаратына түсіп, ұл немесе қыз екенін анықтатады. Қыз болса аборт жасатады. 30 жылдан бергі үзбей жасалған осындай саясаттан соң қазір Қытайда «еркек дағдарысы» айқын белең алды. Бір жарым миллиард қытайда жылына 16 миллион бала дүние есігін ашса, соның 65 пайыздан астамы – ұл бала. Ресми мәліметтерге қарағанда, Қытайда қазір 20-30 жас аралығындағы үйленетін жасқа жеткен еркектер 31 милионнан асқан.

Бұл – бастапқы толқын. Ал екінші, үшінші буын қосылғанда бұл алапат қауымға айналып, енді 20 жылда Қытайда қыз жетпейтін еркектер саны 70 миллионнан асып жығылады деп межелейді. Осыншама сүрбойдақ қытай тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге төнген үлкен қауіп екеніне әзірше назар аударып жатқан адам жоқ. Қытай үкіметі онымен қоймай шетел азаматтығын, басқа мемлекеттің қызын алған өз азаматтарына экономикалық көмек береді. «Егер Қазақстан азаматына үйленсең және балалы болсаң Қазақстан азаматығын алуға болады» деген заңымыз ертең басымызға тоқпақ болып тиері даусыз.

Қытай қазір сүрбойдақтарын қалай үйлендіру туралы бас қатырып жатыр. Егер еркек саны осы қарқынмен ұлғая берсе, онда әлем атом қаруынан емес, қытайдың бойдақтар бомбасынан қорқуы керек. Еңбекқор, қажырлы, қиыншылыққа төзімді қытай жігіттеріне онсыз да қазақтың, орыстың қыздары қалай қызығатынын тәуелсіздік алған жиырма жылдан бергі мәліметтерге қарасақ біле алар едік. Ертең елімізді билігін жат жұрттықтар қолға алып, ата-бабамыз бізге аманаттап кеткен атамекенде сайран салып, иелік етпесін десек, қытай жиендеріміз желкемізден қарауыл қоймасын десек, етек-жеңімізді ертерек жиып алайық.

Бір уақ бәйтеректен жерге түсіп отырып ойланайықшы, ағайын!

serikkerey-12@mail.ru

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG