Accessibility links

Қарағандыда 120 шетелдік бала заңсыз оқиды


Қарағанды облысының мектептеріне шетелдіктердің 120 баласы заңсыз қабылданған.

Прокуратура жүргізген тексеру облыс мектептерінде 182 шетелдік баланың оқитынын, оның ішінде 120 баланың қазақ жерінде ресми тіркелмегенін және елде тұруға рұқсат алмағанын анықтады.

Өзбекстаннан 42, Қырғызстаннан 39, Ресейден 9, Тәжікстан мен Қытайдан 6 баладан, Грузия, Әзірбайжан, Чешенстан және Польшадан бір-бір бала заңсыз оқып жатыр. 14 баланың азаматтығы анықталмады.

Бір ғана Приозерск қаласының орта мектебінде Өзбекстанның кәмелетке толмаған 38 баласы - ата-налары сияқты - Қазақстанда тұруға рұқсат алмай оқып жатыр. Сатпаев қаласынан Тәжікстанның 4 баласы мен олардың ата-аналары сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG