Accessibility links

Пәкістан Иран ғалымының өз елшігін паналағанын растады


Сейсенбі күні ресми Исламабад Иранның хабарсыз жоғалған ғалымы Пәкістанның Вашингтондағы елшілігін паналады деген хабарды растады. Теһран өзінің ядролық физика саласындағы ғалымы Шахрам Амириді АҚШ-тың барлау қызметі ұрлады деп есептейтін.

Пәкістан сыртқы істер министрлігінің өкілі Азаттық радиосына Исламабадтан телефон арқылы Амиридің елшілікке өткен дүйсенбі күні келгенін хабарлады. Вашингтондағы Пәкістан елшілігі 1979 жылдан бері АҚШ-та дипломатиялық өкілдігі жоқ Иранның мүддесін қорғайды.

Шахрам Амири – Саудияға қажылыққа барған 2009 жылдың маусымында жоғалды. Иран оны АҚШ барлаушылары ұрлады деп айыптаса, АҚШ оны теріске шығарып келді.

Ядролық физика саласының ғалымы Иранның халықаралық қауымдастық тарапынан наразылық туғызып отырған ядролық бағдарламасына жұмыс істеген көрінеді.
XS
SM
MD
LG