Accessibility links

Грузия: саяси тұтқындардың тізімі ЕКПА-ға тапсырылды


Грузиядағы үкіметтік емес «Заңсыз тқтқындармен ынтымақтастық» ұйымының жетекшісі, белгілі адвокат әрі күні кеше ғана оппозиция серкелерінің бірі болған Эка Беселия Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының мониторинг тобына елдегі саяси және заңсыз тұтқындарының тізімін өз қолымен тапсырғанын хабарлады.

Эка ханым Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы грузин билігінің тұтқындарды босатуына ықпал ете алады деп сенеді.

Грузин оппозициясы Тбилисиде өткен жылғы наразылық ереуілі кезінде және одан кейін сотталған азаматтарды, оның ішінде өзінің белсенділерін саяси тұтқын деп есептейді.

Өз кезегінде билік оппозиция қатардағы қылмыстық істерге саяси реңк беріп, қылмыстық істермен сотталғандарды, оның ішінде заңсыз қару ұстағаны және есірткі сатқаны үшін сотталғандарды саяси тұтқын санайды деп ақталады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG