Accessibility links

Иран өз ғалымының Пәкістан елшілігін паналағанын растады


Иранның сыртқы істер министрі Манучеһр Моттақи хабарсыз жоғалған ғалым Шахрам Амиридің Вашингтондағы Пәкістан елшілігін паналағанын растады және оның АҚШ-тан кетуіне рұқсат керек деп мәлімдеді.

Вашингтондағы Пәкістан елшілігі 1979 жылдан бері АҚШ-та дипломатиялық өкілдігі жоқ Иранның мүддесін қорғайды.

Моттақидің мәлімдеуінше, Амири Иранға қайтқысы келетінін хабарлаған және Америкадан кетуі үшін өзіне рұқсат керек екенін айтқан.

Шахрам Амири АҚШ-тан саяси пана сұрағысы келді ме әлде оны АҚШ-тың барлау қызметі ұрлап алып кетті ме, белгісіз.
Амири – Саудияға қажылыққа барған 2009 жылдың маусымында жоғалды. Иран оны АҚШ барлаушылары ұрлады деп айыптаса, АҚШ оны теріске шығарып келді.

Ядролық физика саласының ғалымы Иранның халықаралық қауымдастық тарапынан наразылық туғызып отырған ядролық бағдарламасына жұмыс істеген көрінеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG