Accessibility links

Эстония еуро аймағына 2011 жылы қосылады


Еуропа Одағы Эстонияның еуро айналым аймағына 2011 жылғы қаңтардың 1-інен бастап қабылдануы туралы ресми шешім шығарды.

Одақтың Экономика және валюталық саясат жөніндегі еурокомиссары Олли Рен, Эстония 2011 жылғы қаңтардың 1-інен бастап еуроны қабылдауға дайын, алайда ол бюджет-қаржы саясатының сәйкес деңгейін қолдау бойынша әлі де өз күш-жігерін жалғастыруы керек деп мәлімідеді.

Осылайша, Эстония айналымына еуро енгізілген Еуроодақтың 17-ші мемлекеті болады. Валюта айырбастаудың ресми курсы 1 еуро үшін 15,6466 эстониялық крон деңгейінде бекітілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG