Accessibility links

Есіргепов шартты түрде мерзімінен бұрын босамайтын болды


Тараз қаласындағы 158/2 жалпы режімдегі колонияның әкімшілік комиссиясы 13 шілде күні журналист Рамазан Есіргеповтің шартты түрде мерзімінен бұрын босауына рұқсат берген жоқ. Комиссияның жауабында «оның түзелетін сыңайы байқалмайды» делінген.

Бұл туралы журналистің әйелі Раушан Есіргепова хабарлап отыр. Оның сөзінше, комиссия 2010 жылдың 20 қаңтарда журналисттің тәртіп бұзғандығын еске салған.

«Алайда, ол үшін Рамазан 26 қаңтарда қоныстану колониясы көше алмайтынын айтып жауап берген еді. Енді міне сол тәртіп бұзғандығы үшін екінші рет тағы жазаланып отыр», - дейді Раушан Есіргепова.

2009 жылы тамыз айында Тараз сотының шығарған үкімі бойынша тәуелсіз журналист Рамазан Есіргепов қызмет бабындағы құпияны заңсыз жариялады деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айырылып, қосымша екі жыл журналистік және баспа жұмысымен айналысуына тыйым салынған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG