Accessibility links

Қазақ-қырғыз шекарасында екі қырғыз өлтірілді


Қазақстандық шекарашылар қазақ-қырғыз шекарасындағы қақтығыс кезінде екі қырғызды атып өлтірді деп хабарлады Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті. Тағы бір қазақстандық шекарашы ауыр жараланды.

Шекара қызметі директорының орынбасары Амангелді Әбілқановтың хабарлауынша, «Қырғызстан екі азаматы Қазақстан шекарасын заңсыз бұзып, жылқы ұрлауға әрекет жасаған».

Ресми мәлімет бойынша, қазақстандық шекарашылар сейсенбі күні кешке бір үйір жылқыны айдап келе жатқан топgен қақтығысып қалған. Заң бұзушылардан үш дана қару және 20 жылқы тәркіленді деп хабарланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG