Accessibility links

Иран ғалымы Теһранға үшінші ел арқылы ұшып келеді


Иран сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, елдің ядролық физика саласындағы ғалымы Шахрам Амири Вашингтоннан ұшып шықты. Теһран ғалымды АҚШ-тың агенттері ұрлап алып кетті деп есептеген болатын.

Министрліктің ресми өкілі Ромин Мехманпарасттың айтуынша, Амири Теһранға жету үшін алдымен «үшінші елге» ұшып шықты.

Шахрам Амири Пәкістанның Вашингтондағы елшілігіне өткен сейсенбі күні келіп паналады. Ол 2009 жылдың маусымында Саудияға қажылыққа барған кезінде жоғалған болатын.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Амири Америкаға өз ықтиярымен келді және қайтуға ерікті болды деп мәлімдеді.
Амири Иранның халықаралық қауымдастық тарапынан наразылық туғызып отырған ядрлық бағдарламасына жұмыс істеп келді.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG