Accessibility links

«Қазақмыс» Балқашты ластағаны үшін жазаланады


«Қазақмыс» корпорациясы өндіріс қалдықтарын Балқаш көліне төгіп ластағаны үшін жазаға тартылады. Ол туралы Қарағандының табиғатты қорғау прокуратурасына сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Прокурор Рүстем Дүйсенбаевтың сөзіне қарағанда, экологтар «Қазақмыс» өтеуге тиіс табиғат шығының көлемін есептеуге тиіс.

9 шілде күні «Қазақмыстың» Балқаш металлургия кешенінде болған апаттан өндірістің сұйық қалдығы көлге төгілді және күл (шлак) төгілетін аумақ лай су астында қалды.

Апат күл төгілетін аумақты қоқыстан тазалап жүрген бульдозердің құбырды опырып кетуінен шығыпты.

Құбыр тек 12 шілде күні ғана жөнделді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG