Accessibility links

АҚШ С.Хусеиннің сыбайластарын Ирақ үкіметіне берді


АҚШ әскери күштерінің басқармасы Ирақ үкіметіне Саддам Хусеиннің тұсында вице-премьер болған Тарик Әзизді және диктаторлық билік тұсындағы бұрынғы жоғары лауазымды 55 шенеунекті табыс етті.

Ирақтың Әділет министрлігінің өкілі хабарлағандай, С.Хусеиннің сыбайластарын қазіргі билікке тапсыру соңғы 3 күнде болды.

Тарик Әзиздің адвокаты мәлімдегендей, бұрынғы вице-премьерге «енді қауіп төніп тұр».

2 жылдай бұрын Т.Әзизді арнайы трибунал істеген қылмыстары үшін, оның ішінде кісі өлтіргені үшін 15 жылға соттаған болса, өткен жылы Ирақтың солтүстігін мекендейтін күрдтерге қарсы репрессия қолданғаны үшін тағы 7 жылға кескен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG