Accessibility links

Солтүстік Корея БҰҰ өкілдерімен кездесті


Солтүстік Корея әскерилері БҰҰ-ның әскери басшылығымен келіссөздерді бастады. Бұл - Солтүстік Кореяның оңтүстіккореялық әскери кемесін торпедалағаннан кейінгі алғашқы кездесу. Оқиға кезінде 46 теңізші қаза болған еді.

Кездесуде БҰҰ тарапынан америкалық полковник Кёрт Тэйлор, ал Солтүстік Корея тарапынан полковник Пак Ки-Йонг бастаған делегация қатысуда.

Келіссөздер Солтүстік пен Оңтүстік Кореяның шекарасындағы қарусыз аймақ - Панмунхомда өтіп жатыр.

Кездесудің мақсаты - жоғары деңгейдегі келіссөздер туралы келісімге келу.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG