Accessibility links

Башқұрт парламенті президенттің жеке басына қол сұқпау туралы заң қабылдады


Бейсенбі күні Башқұрт құрылтайы, республика президенті қызметінен кеткеннен кейін мүліктік, қаржылық және жеке басына қол сұқпау туралы заң жобасын бір ауыздан қабылдады.

Мұндай ұсынысты Башқұрт үкіметі жасаған еді.

Бұдан бұрын қазіргі президент Мұртаза Рахимов жаңа мерзімге сайлауға түспейтіндігі белгілі болды.

Башқұртстанды 1993 жылдан бері басқарып келе жатқан Мұртаза Рахимовтың президенттік қызмет мерзімі 2011 жылы қазан айында аяқталады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG