Accessibility links

Наталья Эстемированың қаза тапқанына бір жыл толды


Адам құқығын қорғаушы Наталья Эстемированың қастандық әрекеттен қаза тапқанына бүгін бір жыл болды.

«Мемориал» орталығының қызметкері Эстемированы өткен жылы шілденің 15-і күні Грозныйда ұрлап алып кетті, сол күні оның өлі денесі Ингушетиядан табылды.

Адам құқығын қорғаушылар мен Эстемированың туған-туыстары қылмыстық тергеу барысына көңілдері толмайтындықтарын білдірді. Тергеушілер 2009 жылы қарашада өлтірілген содырдың осы қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген болжам келтіріп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG