Accessibility links

Ақмола облысында аусыл кеселіне байланысты карантин ұзартылды


Ақмола облысы Ерейментау ауданына қарасты Новодолинка ауылында аусыл ауруының таралуына байланысты жарияланған карантин мерзімі ұзартылды. «Новости-Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, карантин лаборатиялық зерттеу қорытындыларынан кейін ғана жабылады.

Маусым айының соңында Новодолинка ауылында 200-ден астам ірі қарадан қатерлі кесел табылған болатын. Карантин кезінде екі мыңнан астам ірі қара өлтірілді, көрші ауылдардағы ашатұяқты жануарларға егу жұмыстары жүргізілді.

Бұған дейін карантин шілденің 14-і күні жабылады деп хабарланған еді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG