Accessibility links

«Қызыл Крест» Қырғызстанда жоғалғандар туралы мәлімет беруге шақырды


«Қызыл Крест» ұйымы Қырғызстандағы ұлтаралық қақтығыстар барысында із-түссіз жоғалған кісілер туралы мәліметтің жоқтығы елдің оңтүстігіндегі жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін деп мәлімдеді.

Халықаралық комитет өкілі Надин Багьюдің айтуынша, жоғалған кісілер туралы түсіндіру жұмыстары жағдайдың біршама тынышталуына көмектесер еді.

Қырғызстан оңтүстігінде маусым айындағы ұлтаралық қақтыстар барысында жүздеген адам қаза тапты, олардың көбі – этникалық өзбектер.
XS
SM
MD
LG