Accessibility links

Германия мен Франция министрлері Қырғызстанға барады


Бүгін Германия мен Франция сыртқы істер министрлері, этникаралық қақтығыс болып, жүздеген адам қаза тапқан Қырғызстанның оңтүстігіне барады.

Германиялық Гидо Вестервелле мен оның француздық әріптесі Бернар Кушнер Ош қаласында болады деп хабарланып отыр. Олар аймаққа келген гуманитарлық көмектің қақтығыста зардап шеккендерге үйлестіру барысымен танысады. Сапар қортындысы бойынша республикаға Еуропалық одақтан көмек жіберу туралы мәселе шешіледі деп күтілуде.

Сондай-ақ министрлер Қырғызстанның жаңа президенті Роза Отунбаевамен кездеседі.


XS
SM
MD
LG