Accessibility links

Германия мен Қытай ірі келесім шарттар қабылдады


Германия канцлері Ангела Меркелдің Қытайға сапары барысында екі мемлекет арасында миллиардтаған долларлық келісім шарттар жасалды. Қол қойылған құжаттардың арасында 3 жарым миллиард доллардың келісімі бар.

Қытай мен Германия арасындағы сауда айналысы жылына 100 миллиард доллардан асады.

Қытай премьері Вэнь Цзябаомен кездескен Меркель Бейжіңді өз нарығын ашуға шақырды. Канцлер сонымен бірге Қытай төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті.
XS
SM
MD
LG