Accessibility links

ЕҚЫҰ Қырғызстанға полиция күштері жіберілетіндігін растады


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы 52 полиция қызметкерін Қырғызстан оңтүстігіне жіберілетіндігін растады. Бұл туралы осы ұйымның жанжалдың алдын алу жөніндегі директоры Герберт Салбер мәлімдеді.

ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы кездесуіне келген Салбер бітімгершілік күштерінің бұл аймақтағы миссиясы қанша уақытқа созылатындығы туралы ештеме айтқан жоқ.

Бұған дейін қырғыз президенті Роза Отунбаева ЕҚЫҰ республиканың оңтүстігінде тәртіп орнату жұмыстарына көмектесу үшін өзінің бейбіт полициясын Қырғызстанға жібереді деп мәлімдеді. Отунбаеваның айтуынша, бітімгерлер аймақта қадағалау, кеңес беру және тренинг өткізу жұмыстарымен айналысады.

Бүгін Германия және Франция сыртқы істер министрлері - Гидо Вестервелле мен Бернар Кушнер маусым айында ұлтаралық қақтығыстарды өткерген Ош қаласына барды. Олар жергілікті тұрғындармен, билік өкілдерімен кездесті. Еуропалық Одақтың республикаға көмек беру мәселесі осы сапардың нәтижесіне қарай шешіледі деп хабарланды.

Министрлер Бішкекте қырғыз президенті Роза Отунбаевамен кездеседі деп жоспарланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG