Accessibility links

Меркель аймаққа сапарының соңында Қазақстанда болады


Германия канцлері Ангела Меркель сенбі күні Қазақстанға келеді. Осыған дейін ол Ресей мен Қытайға сапармен барған болатын.

Меркель Қазақстан жетекшілігімен кездесуінде, екі жақты қауіпсіздік, энергетикалық және сауда байланыстарын дамытуға күш салмақшы.

Жұма күні Бейжіңде болған Германия канцлері қытайлық жетекшілермен кездесіп, сауда, энергетика және қоршаған ортаға қатысты келісімдерге қол қойған.

Ал Ресейде Германияның Siemens компаниясы Ресей теміржолдары компаниясымен бірге 200-ден аса жаңа аймақтық пойызды Ресейге жеткізетін 2,8 миллиард долларлық келісімге қол қойды.
XS
SM
MD
LG