Accessibility links

Назарбаев: біздің ұйымымыздың заман талабына сай болуы аса маңызды


Сенбі күні ЕҚЫҰ-на мүше 56 мемлекеттің сыртқы істер министрлері Алматы маңындағы Ақбұлақ курортында бейресми кездесулерін өткізді. Ұйымға төрағалық етуші елдің президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл жиынның ашылуына қатысып, сөзін қазақ тілінде бастады.

Қазақстан президенті өз сөзінде, біздің ұйымымыз құрылған 1976 жылы әлемнің саяси картасында да болмаған Қазақстанның 35 жылдан кейін осы ұйымға төрағалық етуі ешкімнің қиялында да болмаған шығар деп айтты. Ол сондай-ақ, бүгінгі таңда заман өзгеріп, трансұлттық қауіп-қатерлердің жаңа түрлері пайда болды деді.

ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде, аймақтық қауіпсіздік мәселесі, Қырғызстанда тұрақтылық орнатуға қолдау танытатын кеңес беруші күштер жіберу және Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу жағдайлары қаралып жатыр.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG