Accessibility links

Мексика шығанағындағы сынақ тағы 24 сағатқа созылды


Бритиш Петролеум Мексика шығанағы түбіндегі ұңғымадан мұнайдың төгілуін тежеген қақпақты сынауын тағы ұзартты.

Апаттың салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның өкілі Тэд Алленнің айтуынша, Бритиш Петролеум ұңғыма аузына қойылған қақпақты бақылауын тағы 24 сағатқа созатын болады.

Осыған дейін Бритиш Петролеумге қақпақтың беріктігін тексеруге 48 сағат уақыт берілген. Егер қосымша берілген мерзім ішінде сынақ сәтті өтсе, төгілген мұнайдың келтірген зардаптарды жою жұмыстары тамыз айында аяқталады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG