Accessibility links

Ауған түрмесінен тұтқындар қашып, екі адам қаза тапты


Жексенбі күні Ауғанстанның батысындағы түрмеде болған жарылыстан кейін 11 сотталған қашып шығып, бір тұтқын мен бір сақшы қаза тапқан.

Фарах провинциясы басшысының орынбасары Янус Расулидің айтуынша, таңғы екі шамасында орын алған жарылыстан түрме қақпасы талқандалып, 19 тұтқынның қашып шығуына жол ашқан.

Түрме күзетшілерімен болған атыста бір тұтқын өлтіріліп, үшеуі жараланған. Тағы сегізі қашпақшы болғанында ұсталған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG