Accessibility links

Башқұрт парламенті Рустэм Хамитовты президент етіп бекітті


Башқұрт парламентінің кезектен тыс сессиясында Рустэм Хамитов Башқұртстан президенті болып бекітілді.

"РусГидро" компаниясының 55 жастағы топ-менеджері Рустэм Хамитов, әр жылдары елдің Төтенше жағдайлар министрлігі мен қоршаған ортаны қорғау министрлігін басқарған.

Өткен бейсенбі күні Башқұртстанды 17 жыл бойы басқарған 76 жастағы Муртаза Рахимов өз еркімен қызметтен кетті.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG