Accessibility links

Қазақстанда екінші Ислам банкі құрылады


Қазақстанда тағы бір Ислам банкі құрылады. Осыған сәйкес бүгін Астанада Малайзияның AmanahRaya мемлекеттік қаржылық тобы мен «Қазақстанның Даму банкі», сондай-ақ «FATTAH FINANCE» тиісті келісімге қол қойды.

«Бізде Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен ірі жобалар бар. Қазіргі кезде енді Малайзиямен белсенді түрде жұмыс істеудеміз. Біздіңше алдағы бірнеше жылға арналған бірлескен жоспарды әзірлеу керек және бірлескен нақты жобаларды іске асыру қажет»,-деді Қазақстанның индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев.

Оның сөзінше, бұл банктің қызметі шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталуы тиіс.

Биыл Қазақстанда Абу Дабимен бірлескен алғашқы исламдық «Al Hilal» банкі құрылған еді.
XS
SM
MD
LG