Accessibility links

Ош қаласында ЕҚЫҰ полициясын енгізуге қарсы митинг болды


Қырғызстан оңтүстігіндегі Ош қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы полициясын аймаққа кіргізуді қолдамайтындар митинг өткізді. Қала орталығындағы акцияға мыңға жуық адам қатысты.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, наразылық акциясы өтіп жатқан жерге милиция жиналды. Қалаға кіретін жолдардың барлығын құқыққорғау күштері күзетіп тұр.

Қырғызстан президенті Роза Отунбаева республика оңтүстігіндегі жағдайды реттеуге көмектесу үшін ЕҚЫҰ-нан көмек сұраған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG