Accessibility links

Башқұртстан үкіметі шілденің аяғына дейін жасақталуы мүмкін


Башқұрстанның жаңадан тағайындалған президенті Рустем Хамитов республика үкіметі осы айдың аяғына дейін жасақталуы мүмкін деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Башқұртстанның мемлекеттік құрылымында ешқандай өзгеріс болмайды.

Башқұрстан мемлекеттік құрылтайы бүгін Хамитовты республика президенті етіп бекітті. Бұрынғы үкімет республика заңдарына сай жұма күні отставкаға кетті.

«Русгидро» компаниясының топ-менеджері Хамитовтың кандидатурасын Ресей президенті Дмитрий Медведев ұсынған болатын. Башқұртстанның бұрынғы президенті Мұртаза Рахимов өткен аптада мезімнен бұрын отставкаға кететіндігін жариялады.

AzattyqTV

Ақтаудағы аштық акциясы

Мұнайшылар депутаттарды шақырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG