Accessibility links

Баку Еуропалық соттың Фатуллаевқа қатысты шешіміне шағым түсірді


Әзірбайжан билігі журналист Эйнулла Фатуллаев ісі бойынша Еуропалық сот шешіміне қарсы шағым түсірді. Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық радиосы әзірбайжан қызметі хабарлады.

Журналист ісі бойынша сәуір айында шешім шығарған Страстург соты биліктен Фатуллаевты тез арада босатып, оған 25 мың евро өтемақы төлеуін талап еткен болатын.

«Реальный Азербайджан» оппозициялық газетінің редакторы Эйнулла Фатуллаев терроризм, жалған ақпарат тарату, салықтан жалтару және есірткіні заңсыз сақтау айыптары бойынша 11 жыл түрме жазасын өтеп жатыр. Әзірбайжандық және халықаралық адам құқығын қорғаушылар журналиске қарсы қылмыстар қолдан ұйымдастырылған деп есептейді.
XS
SM
MD
LG