Accessibility links

Оңтүстік Осетия басшысы Никарагуаға барды


Грузияның жікшіл аймағы – Оңтүстік Осетия басшысы Эдуард Кокойты бүгін ресми сапармен Никарагуаға барды деп хабарлады "Интерфакс" агенттігі.

Өзін-өзі тәуелсіз мемлекет деп жариялаған республика басшысы Сандинистер төңкерісінің 31 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға кешігіп барды. Кокойты ұшағы жолда бұзылып қалып, Финляндияға қонуға мәжбүр болған еді.

Грузияның тағы бір жікшіл аймағы – Абхазия республикасының басшысы Сергей Багапш та Никарагуаға барды.

Никарагуа - 2008 жылы Грузия-Ресей әскери жанжалынан соң өз тәуелсіздіктерін жариялаған Абхазия және Оңтүстік Осетияның дербестігі туралы мойындаған үш елдің бірі.
XS
SM
MD
LG