Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыста алты полиция қызметкері қаза тапты


Ауғанстан оңтүстігінде Қандағар провинциясында жол бойына қойылған жарылғыштан алты ауған полиция қызметкері қаза тапты, төрт адам жараланды. НАТО қолбасшылығы елдің оңтүстігінде басқа бір ауданда тіркелген жарылыстан бір америкалық сарбаз қаза тапқандығын хабарлады.

Сейсенбі күні Кабулде Ауғанстан мәселелері туралы ірі халықаралық конференция басталады. Форумға АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун және басқа да әлем саясаткерлері қатысады деп жоспарланған.

Конференция қарсаңында ауған астанасында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG