Accessibility links

БҰҰ Бас хатшысы Карзайды үкіметтің нақты жоспары туралы баяндауға шақырды


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун ауған президенті Хамид Карзайды сейсенбі күні Кабулде басталатын халықаралық конференцияда Ауғанстанда басқаруды жетілдіру мен ұлттық татулықты нығайту бойынша атқарылатын «нақты» іс-шаралар туралы баяндама жасауға шақырды.

Әлем донорларының Кабулдегі форумына Карзаймен бірге төрағалық ететін Бас хатшы Ауғанстан болашағы халықаралық қауымдастық пен әлемдік ұйымдардың назарында деп атап көрсетті.

Ауғанстан астанасындағы конференцияға 40-қа жуық елдің министрлері және 70-ке жуық халықаралық ұйымның өкілдері қатысады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG