Accessibility links

Дүниежүзілік Башқұрт Құрылтайының жетекшісі тұтқындалды


Дүниежүзілік Башқұрт Құрылтайының төрағасы Азамат Ғалин осы ұйымның жастар қанатының жетекшісі, әрі төраға орынбасары Фанзиль Ахметшинді шілденің 19-ы Ресейдің Федералдық Қауіпсіздік қызметі тұтқындап, Құрылтай ғимаратына тінту жүргізгенін хабарлады. Уфа қаласында шілденің 18-і күні жүзден астам адам наразылық жиынын өткізген. Бұл шара Башқұртстанның жаңа президенті Рустем Хамитов қызметіне кіріскен күнмен тұспа-тұс келіп отыр.
XS
SM
MD
LG