Accessibility links

Босния соты бұрынғы серб сарбазын 10 жылға соттады


Босния және Герцеговина соты дүйсенбі күні бұрынғы босниялық серб әскері сапында қызмет еткен сарбазға үкім шығарды. Марко Боскич 1995 жылы Сребреницада мұсылмандарды жаппай қыруға қатысқан деген айыппен 10 жылға сотталды.

Жаза мерзімін анықтау барысында айыпталушының кінәні мойындауы мен Сребреницадағы қылмысты тергеуге көмектесуге уәбе беруі ескерілді.

Боскич және босниялық серб әскерінің жеті өкілі жүздеген мұсылманды өз қолдарымен атып өлтірген.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG