Accessibility links

Күрд бүлікшілері алты түрік сарбазын өлтірді деп хабарланды


Түркия билігі Күрдістан жұмысшы партиясының бүлікшілері түнде әскери бөлімге шабуылдап, алты түрік сарбазын өлтірді деп хабарлады. Қарулы шабуыл Ирақ шекарасына жақын Хаккари провинциясында ұйымдастырылды. Содан бір күн бұрын 11 түрік сарбазы дәл осы аймақта көлік жарылысынан жараланған болатын.

Түрік әскері мен КЖП арасында оқ атпау туралы 14 айға созылған келісім маусым айында бұзылған соң Түркияның оңтүстік-шығысында қақтығыстар жиілеп кетті. КЖП үкіметті күрдтердің құқығын көбейтпейді деп айыптады.

Түркия билігі КЖП құрамындағы шамамен 4 мың бүлікші Ирақ солтүстігіндегі таулы аймақтарды мекендейді деп есептейді.
XS
SM
MD
LG