Accessibility links

«Астанадағы ЕҚЫҰ-ның саммиті баспасөз бен адам құқтары жағдайына назар аударсын»


Журналистерді қорғау комитеті ЕҚЫҰ-дан Қазақстандағы сөз бостандығы жағдайын Астана саммитінің күн тәртібіне шығаруды сұраған үндеу жолдап отыр.

Ақбұлақтағы сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми басқосуында жылдың соңына қарай Астанада ЕҚЫҰ-ның саммиті өткізілетін болып шешілді.

Аталған ұйымның таратып отырған үндеуінде:

«14 шілде күні Журналистерді қорғау комитеті Қазақстан адам құқтары мен баспасөз бостандығы бойынша міндеттемелерін орындаған жоқ, осы мәселені саммиттің күн тәртібінде талқыласаңыздар деген өтінішпен хат жолдаған болатын. Бірақ ЕҚЫҰ мүшелерінің ұйымға төраға болып отырған ел – Қазақстандағы адам құқтары мен баспасөз еркіндігі жағдайын Астанадағы саммиттің күн тәртібіне енгізбегені өкінішті»-, деп атап көрсетілген.

Үндеуде америкалық Журналистерді қорғау комитетінің Еуропа мен Орта Азия бағдарламалары бойынша үйлестірушісі Нина Огнянова:

- Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның баспасөз бостандығы талаптарын сақтамай отырғанына көз жұма қарау- адам құқтары сияқты басты миссия бойынша бұдан да үлкен келеңсіздіктерге соқтыруы мүмкін,-деп ескертеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG