Accessibility links

«Азат» ЖСДП Әділет министрлігін сотқа беретіндігін мәлімдеді


«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Жармақан Тұяқбай оппозициялық партияны қайта тіркеуден бас тартқаны үшін Әділет министрлігін сотқа беретіндігін мәлімдеді.

Сейсенбі күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген Тұяқбай билік органы партияны тіркеу өтінішін түрлі себептермен соңғы сегіз айда үшінші мәрте қайтарды деп атап көрсетті. Партия басшылығы министрліктің бұл әрекетін «саяси астары бар» деп бағалады.

Оппозициялық партияны қайта тіркеу «Азат» партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өткен жылы қарашада бірігуіне байланысты туындаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG