Accessibility links

Ауғанстан президенті Астанадағы ЕҚЫҰ саммитіне қатысады


Ауғанстан президенті Хамид Карзай Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы саммитіне қатысады деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстан сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев сейсенбі күні Кабулде ауған басшысымен кездесті. Саудабаев пен Карзай екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылады делінген ресми мәлімдемеде.

ЕҚЫҰ-ның саммитін осы жылы Астанада өткізу туралы шешім өткен аптада ұйымға мүше мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы бейресми кездесуінде қабылданған болатын.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG